Алматы облысында жолаушылар жаппай төбелесіп, 1 адам көз жұмды

2786
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданында жолаушылар жаппай төбелесті. Ақырында 5 адам ауруханаға түсіп, бірі көз жұмды. Оқыста болған оспадар оқиға жайлы "Адырна" ұлттық порталы жазды.

6 қараша, сағат түнгі бір шамасында Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының полиция бөліміне оқыс жағдай туралы ақпар түсті.  Ақпар бойынша, көпсалалы ауруханаға түрлі жақаты бар 5 адам жеткізілген. Олардың біреуі алған жарақаты салдарынан көз жұмды.

- Аталған дерек бойынша жедел-тергеу тобы құрылды. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша тергелуде. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық қатысушыларын анықтау, сондай-ақ болған оқиғаның себептерін анықтау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Куәгерлер Түргенге апаратын жол бойында атыс болып, жол апатының орын алғанын байқаған.  Анықталғандай, олардың біріне оқ тиген, ал қалған төртеуі өткір заттан жараланған.  Полиция толыққанды ақпараттың кейін жарияланатындығын айтты.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер