Түркістанның қақ ортасындағы Әуес-апа көшесінің бүгінгі сиқы осындай - Ұстаз шенділердің әрекетіне реніш білдірді

748
Түркістан өңірінде сан жылдар шәкірт тәрбиелеп, халықтың ыстық ықыласына бөленген ұстаз Ләззат Динашева Түркістан көшесінің жантүршігерлік сиқын суреттеп, әкімге реніш білдірді. Автор көңілі толмаған көп кілтипанның бірін өз парақшасында жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  
- Ел басқарып отырған әкім, шенеуниктердің еңбегіне бағаны халық, тарих береді! Қызметте отырғанда жар салып мақтаудың не қажеті бар? Қазір ол ешкімге де ұнамайды-ау. Суретте: Түркістанның қақ ортасындағы Әуес-апа көшесінің бүгінгі сиқы, - деп жазды ұстаз.
Суреттен лай-батпаққа айналған Әуес-апа көшесін байқауға болады. Толарсақтан саз кешіп, ары-бері қатынаған тұрғындар бұған наразы.
"Дұрыс айтасың. Түркістандағы көшелердің сиқы осындай болып тұр ғой қазір. Төсеген асфальттарын тексерудің қажеті жоқ. Бір жаңбырдан кейін нәтижесі тайға таңба басқандай көрініп тұрады", "Назарға алынды" деп жазды олар.
Ләззат Динашеваның оқырманы Халық жазушысы Ғабит Мүсіреповтің даналық сөзін мысалға келтіріп, көпшіліктің ойына қозғау салды.

"Сайланарда бермейтін уәделері жоқ. Сайланып алған соң аспанда құдай барын, ел-жұрт алдында абырой – ұят барын ұмытып кетеді. Авторы - Ғабит Мүсірепов" деп жазды Қасым Қазанғап.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket