Шахтадағы апаттан қайтыс болғандардың тізімі жарияланды

3323
Adyrna.kz Telegram
Қапияда қыршын кеткендерге қатысты деректер белгілі болды.Қарағанды ​​облысының әкімдігі Шахтинсктегі шахтада қаза тапқандардың тізімін жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Апат болған шақта 106 адам жер астында еңбек етіп жатқан. Оның 101 эвакуацияланды. Өкінішке қарай, бес адам қаза тауып, төртеуі жарақат алды.

1. Бойченко Дмитрий Игоревич, 1991 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Еңбек өтілі – 8 жыл. Соңында анасы қалды.

2. Санжаров Андрей Павлович, 1980 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Еңбек өтілі – 21 жыл. Ата-анасы мен екі баласы қалды.

3. Инкин Денис Анатольевич, 1984 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Еңбек өтілі – 13 жыл. Әкесі, әйелі, қызы және тағы бір қолына қараған адам қалды.

4. Қашкей Арман Қадіржанұлы, 1993 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Еңбек өтілі – 8 жыл. Ата-анасы қалды.

5. Ынтыбеков Марғұлан Серікұлы, 1996 жылы туған, бұрғылау қондырғысы операторының көмекшісі. Жұмыс тәжірибесі – екі ай. Әкесі қалды.

"Адырна" ұжымы қара жамылған отбасыларға қайғыра отырып көңіл айтады. Оқыс оқиға салдарынан жарақат алғандардың басы аман, бауыры бүтін болсын!

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Пікірлер