Алматы облысында оқушылар сабақты акт залында оқуға мәжбүр

2331
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысы Қызылту ауылының оқушылары сынып кабинеттерінің тапшылығынан сабақты акт залында оқуға мәжбүр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Астана телеарнасының мәліметінше, 788 орындық мектепте 2000-ға жуық бала білім алып жатыр. Қызылтудағы жалғыз мектепке көрші ауылдардан да балалар ағылып келеді. Бірақ оларды таситын арнайы автобус жоқ. Ал қаламен екі ортаға қатынайтын жалғыз қоғамдық көлік жүргізушілері оқушыларды "сыймайсың" деп, мінгізбейді екен.

“Автобустардың кейбіреулері тоқтамай кетіп қалатыны бар. Автобус өте қазір жиі жүрмейтін болып кетті. Алыс аралары, өте алыс. Именно балаларға тоқтамайды. Қаншама бала бар. Оқушылар әр жақтан осы мектепке келіп оқиды”, – дейді Қызылту ауылының тұрғыны Тоғжан Мұқашқызы. 

Мектеп әкімшілігі білім ордасына оқушылардың сыймай жатқанын мойындады. Сынып кабинеттерінің тапшылығынан балалар сабақты акт залында оқуға мәжбүр. Кейбір пәндер онлайн өтеді. Себебі, көрші ауылдағы мектепте жөндеу жұмыстары жүріп жатқан көрінеді. Сондықтан, ондағы 600 оқушы қазір Қызылту ауылына қатынап жүр. Ал жөндеу жұмыстары қашан аяқталары белгісіз.

“Мектептің сыйымдылығы - 788 орындық. Бірақ қазіргі таңда 2000-ға жуық бала оқып жатыр. Биылғы оқу жылынан бастап Гүлдала округінде 21 мектеп күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Сол мектептің 600 баласы біздің мектепке келіп оқиды", – дейді № 24 орта мектебі директорының орынбасары Шайзат Қалықова. 

Әкімдіктегілердің сөзінше, 2023 жылы ауылда жаңа мектептің құрылысы басталады. Автобус мәселесі де оқу жылының екінші тоқсанында шешілетінін айтты.

“Мектеп туралы бізде 2 де 42 жер учаскесі дайындалып, сол жерге ПСД өтті. Экспертизадан өтті. Барлығы дайын. 600 орындық мектеп салынады. Подвоз бойынша 19 қазан күні порталға заявка берілді конкурс бойынша. Бала санына байланысты заявка бердік", – деді Панфилов ауылдық округі әкімінің орынбасары Сәуле Мықтыбаева. 

Пікірлер