Қ-Ж. Тоқаев: Қаңтар оқиғасына қатысқандарға рақымшылық жасалады

2527
Adyrna.kz Telegram
Қасым-Жомарт Тоқаев «Рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Заң шеңберінде қаңтар оқиғасына қатысушылардың бір бөлігі босатылады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап.

27 қазанда Сенат депутаттары «Рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңын қабылдады.

Заңның басты мақсаты – тәртіпсіздік жағдайында 2022 жылғы 4-7 қаңтар аралығында қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдарға қатысты қылмыстық-құқықтық сипаттағы біржолғы адамгершілік әрекет.

Толығырақ айтқанда, қылмыстық әрекеттер жасаған адамдарды жазалау мерзімін қысқарту және жазасын өтеуден босату.

Ауыр қылмыс жасаған адамдар үшін жаза төрттен үшке, әсіресе ауыр қылмыстар үшін екі есеге қысқартылады.

Террорлық, экстремистік, сыбайлас жемқорлық қылмыстар, мемлекетке опасыздық жасау, азаптау, қылмыс қайталанған немесе қауіпті қайталанған жағдайда, жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырған, кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылықтарына қарсы қылмыстар жасаған адамдар рақымшылық жасауға жатпайды.

2022 жылғы 1 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жариялады.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жалпы 1,5 мыңға жуық адам амнистияға ілінетінін хабарлады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер