Ресейдегі TikTok қызметкерлеріне Қазақстанға көшу ұсынылды

2731
Adyrna.kz Telegram
Фото: new-retail.ru
Фото: new-retail.ru

TikTok-тың Ресейдегі кеңсесі қызметкерлеріне Қазақстан, Қырғызстан және Армения мемлекеттерінің біріне көшу ұсынылған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

РБК басылымының мәліметінше, қызметкерлерге мұндай ұсыныс Ресейде жартылай мобилизация басталған соң келіп түскен.

"Үш мемлекеттің біріне көшу ұсынылды. Бірақ қызметкерлер транспорт, тұрғын үй және т.б. шығындарды өздері өтеуі керек", - деп мәлімдеді басылым дереккөзі. 

Сонымен қатар TikTok Шығыс Еуропа бойынша ғаламдық бизнес-шешімдер бөлімінің басшысы Анастасия Панина компанияның Қазақстанда жаңа кеңсе ашатынын хабарлаған. 

"Осы күзде TikTok Қазақстанда кеңсе ашуды жоспарлап отыр, Қазақстанда тланттар, көп цифрлық экономика да даму үстінде және инновациялық кәсіпкерлер де бар", - деді ол. 

Басылым мәліметінше, Ресейдегі кеңсе қызметкерлерінің бір бөлігі өзге де халықаралық командаларда жұмыс істейді. Дегенмен ресейлік кеңсенің жұмысшысы болып қала береді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер