Облыс әкімі орынбасарының әкесі өз жерін мемлекетке мәжбүрлі түрде қайтарып жатыр

2893
Adyrna.kz Telegram
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Сарысу ауданында екі рет әкім болған Қанатбек Мәдібектің әкесіне тиесілі жет телімі мемлекетке мәжбүрлі түрде қайтарылып жатыр, деп  хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы TURANINFO.KZ ақпарат агенттігіне сілтеме көрсетіп. 
Қанатбек Мәдібектің әкесі Қайшыбек Мадибеков «Ақтоғай» шаруа қожалығының төрағасы саналады.
Қазір Жамбыл облысының  экономикалық сотында Қайшыбек Мадибеков, Талғат Наханов, Талғат Ноғайбаев, Мурат Акбаев, Бердибек Жуматаевтың жерлерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлі түрде қайтарып алуға байланысты азаматтық іс қозғалды.

Азаматтық іс бойынша “Сарысу ауданы әкімдігі жер қатынастары бөлімі” КММ басшысы Ерболат Ұзақбековке төмендегідей мәлімдеме жасады.

“Индустриалды картаға сәйкес "ЕвроХим" болуы тиіс [минералды тыңайтқыштар шығару зауыты]. Қазақстан мен Ресей үкіметі арасындағы келісімшарт жасалынған, сол келісімшартта жерді "Еврохим" қамтамасыз етеді делінген. Өзіне міндеттеме алған. Сол себепті заң талабына сәйкес барлық келісімге келісу үшін шаралар өтті.  Мемлекетке қайтатын 37 гектар бар. Бес адамға тиесілі.  Жердің бәрі “Богара”. Жайқалып тұрған жер емес. Әрбір адамға үш гектардан, тоғыз гектардан тиіп тұр. Көбі егін екпеген.  Бір екеуі жоңышқа егіп қойған”, - деді Ерболат Ұзақбеков.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер