Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жаңа қызметке тағайындалды

2312
Adyrna.kz Telegram

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы болып тағайындалды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Алексей Цой медицина мен басқару саласында жоғары класты кәсіпқой тұлға. Медициналық және заңгер мамандығын алған, іскери әкімшілендіру докторы, медицина ғылымдарының кандидаты.

Sels College (Лондон) тәмамдаған, Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясының аспирантурасын, Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясын, «Дәнекер» халықаралық құқық және халықаралық бизнес институтын, Ресей ауыл шаруашылық және Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы мемлекеттік қызмет академиясының корпоративті басқару жоғары мектебін пен Халықаралық бизнес академиясын бітірген.

Еңбек жолын хирург-эндоскопист болып бастаған.

2007-2010 жылдар аралығында ҚР Президенті Іс Басқармасының Қазіргі заманғы медициналық технологиялар орталығын басқарды.

2010-2011 жылдар аралығында «ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы» ММ бастығы болды.

2011-2014 жылдар аралығында – Астана қаласының №1 қалалық ауруханасының бас дәрігері.

2014 жылдан – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер