Түркияда қазақ баласы із-түссіз жоғалды

812
Түркияның Измир қаласында оқитын Рауан Дарханұлы есімді қазақ студенті жоғалды. Бұл жайлы журналист Гүлмира Әбіқай жазды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"Измирде із-түссіз жоғалған қазақ баласына қатысты ақпар айта кетейін. Рауан Дарханұлының жоқ болғанына бүгін 6-шы тәулік. Измирдегі “Горилла” клубында соткасын қалдырып, қазір деп кіріп, сол күйі есіктен қайта шықпаған. Қолында Қазақстан паспорты, қалтасында Каспий картасы бар. Ертеңіне картадан сауда жасағаны белгілі болды. Достары сол күні клубқа тағы іздеп келгенде соткасын тапты, алайда өзін ешкім көрмеген. Қазір Анадолы елі тәтті ұйқыда, таң атсын жақсы жаңалықпен бөлісемін, бұйыртса. Ұл-қызын шет елде оқытып жатқан барша ата-ана тілекші болыңыздар!" - деп жазды журналист. 
Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket