Президенттікке үміткер Салтанат Тұрсынбекова тамылжытып ән шырқады

2179
Adyrna.kz Telegram

ҚР Президенттігіне үміткер Салтанат Тұрсынбекованың жол үстінде шырқаған рухты әні әлеуметтік желіде тарап жатыр. Видеода кандидат қолдаушыларын өз аузына қаратып, "Әлия" әнін шырқайды.  Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы хабарлады. 

ҚР Президенттігіне үміткер Салтанат Тұрсынбекова жолсапарда келе жатып рухты "Әлия" әнін шырқады. Бейнекадрдан үміткердің өз тілеулестерімен бірге үгіт-насихат үшін жолға шыққаны байқалады.

Әлеуметтік желі тұрғындарының әнші-үміткерге қатысты пікірі екіге жарылды.

"Үміткерлердің неше түрлі өнеріне куә болдық, сайлауымыз өнер сайысына айналып бара ма, қалай?", "Сайлаудағы рөлге берген қомақты ақшаны қалтаға басып алған соң ол әндетпей кім әндетеді. Сайлау саясаты қандай жиіркенішті еді", "Біреуі шеге майыстырғыш, біреуі сүйек шаққыш, бұл әнші, шетінен өнерлі бәрі", "Дұрыс қой, бәрі әртістер ғой..", "Ұялмаған әнші , әнші болмаса депутат болады", "Әу" демейтін қазақ жоқ","Әндидат", "Заман қиялилардікі" деген сынды пікір қалдырды оқырмандар.

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

Пікірлер