Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі желтоқсанға дейін ұзартылды

4246
Adyrna.kz Telegram

ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Әнуар Садықұловты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Тергеу соты Кәрім Мәсімов пен Әнуар Садықұловтың қамауда ұстау мерзімін 2022 жылдың 13 желтоқсанына дейін, ал екінші бұрынғы орынбасары Марат Осиповтың қамауда ұстау мерзімін 2022 жылдың 22 желтоқсанына дейін ұзартты»,—деп түсіндірді ҰҚК баспасөз қызметі.

Жасалған әрекеттердің мән-жайын ескере отырып, қылмыстық іс «өте құпия» санатына жатқызылды.

Еске сала кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты осы жылдың 6 қаңтарында ҰҚК Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігімен мемлекетке сатқындық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Пікірлер