Лукашенко қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады

957
Беларусь президенті Александр Лукашенко Беларусь халқының және өз атынан Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Александр Лукашенко егемендік  декларациясының қабылдануы Қазақстан үшін айтулы оқиға және тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадам екенін жеткізді, деп жазды Беларусь Президенті әкімшілігінің  сайты.

"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, сізге зор денсаулық, мол бақыт, отбасыңыз бен пікірлестеріңіздің қолдауын тілеймін, ал бауырлас Қазақстан халқына тұрақтылық пен гүлдену тілеймін, - деді Президент.

Сонымен қатар, Лукашенко Қазақстанның сыртқы саяси қағидаларды берік ұстанып, көршілерімен татулықты нығайтуға жан-жақты үлес қосып келе жатқанын атап өтті. Астананың мәнді бастамалары халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және адамзаттың жаһандық мәселелерін шешуде маңызды рөл атқаратынын айтты.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket