Ғылым, мәдениет және өнер қайраткерлері экс-Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының ісін тергеуді бақылауға алуды сұрап, Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Хат жолдағандардың ішінде медицина ғылымының докторы Төрегелді Шарманов, КСРО халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері Бибігүл Төлегенова, Қазақстанның халық жазушылары Олжас Сүлейменов пен Мұхтар Шаханов, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәбит Досанов, Халық әртісі Асанәлі Әшімов бар.
«Біз тек әділдіктің болғанын қалаймыз…Әділ Қазақстан баршаға, соның ішінде біздің көз алдымызда өскен А.Мұхамедиұлына да әділ болуы керек деп есептейміз. Ол кісінің арам ойы жоқ, жаны кең адам деп білеміз”, делінген Қазақстанның көрнекті қайраткерлерінің хатында.
Үндеу авторлары экс-министрдің елге сіңірген
«Өзіңіз айтқандай, Әділ Қазақстанды құру енді ғана басталып жатыр. Алда тікенді жол күтіп тұр. Біз бірге Әділ Қазақстанды құрамыз. Қасиетті Отанымыздың жарқын болашағы шын мәнінде өз қолымызда!». – делінген үндеуде.



