Боксшы Серік Мұсаділов АҚШ-тағы жекпе-жегінде жеңіске жетті

6362
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/10/0e715eb6-a40c-40af-9fc0-f3f7b644826f.jpeg
Қазақстандық боксшы Серік Мұсаділов АҚШ-тағы жекпе-жегінде уақытынан бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. «Панда» лақап атымен танылған қазақстандық боксшы АҚШ-тың Орландо қаласында жекпе-жек өткізді. Ол шаршы алаңдағы қарсыласы мексикалық Хавьер Гомес Руэданы (21-17, 15 КО) бірінші раундта сұлатып түсірді. Ол соңғы жекпе-жегін 8 қыркүйекте Сантьяго де Толуда (Колумбия) өткізген болатын. Онда жергілікті спортшы Мануэль Банкесті екінші раундта нокаутқа түсірген  еді.
Комментарии