АЯТЖАН АХМЕТЖАНҰЛЫ: Біздің елде қазақ тілінің, қазақ ұлтының құқы мен қақы бар ма?

3855
Adyrna.kz Telegram

Біздің елде осы тұтынушы құқы деген бар ма? Мемлекеттік тілдің орындалуы деген заңдылық бар ма?

Арасында жексенбіде бір уақыт балаларды әр түрлі ойын алаңдарына апарамын. Әр жолы қызымның әке неге бұлар қазақша сөйлемейді, біз ғана сөйлейміз ғой қазақша деген сөзі батады.

Тіпті ешқандай жарнамасы, ешқандай қағаздары, балаларды қауіптен сақтандыру ескертпелері қазақ тілінде, мемлекеттік тілде болмайды. Бәрі орысша!

Ал бізде президент аузынан орыс тілін қорғайтын халықаралық ұйым құру туралы бастама айтылады. Сонда мемлекеттік тілді кім қорғайды? Қазақ тілі кімге керек? Бұл елде мемлекеттік тіл қандай тіл? Оны неге ел сыйламайды? Бизнес сыйламайды? Тілдерді дамыту деген басқармасы бар, олардың құзіреті не сонда? Ресми тұтынушы ретінде қазақ тілінде мемлекеттік тілде ресми қызмет көрсетуден бас тартса, менің құқымды кім қорғайды?

Балалар біздің болашағамыз. Олардың ортасын да орыс тілінде құрсақ, ескертуді орысша ғана жазсақ сонда бізде қазақ тілді болашақ өсіп шыға ма? Біздің елде өзі қазақ тілінің, қазақ ұлтының құқы мен қақы бар ма? Сөзі жоғалған халықтың өзі де жоғалады, - дейді ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы. Өзі біз жоғалып бара жатқан жоқпыз ба?

Астана қаласы "Аружан" сауда ойын-сауық орталығының балалар ойын алаңдарынан қазақша сынық сөз таппадым. Қазақша парақша толтырам деген жерге балам қанша кіргісі келсе де, толтырсаң орысша болмаса жоқ дегесін кіре алмадық. Біз өзі қай бағытқа кетіп барамыз? Қандай елміз? Елде заң барма? Мемлекет құрушы ұлт қақысы бар ма?

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер