Белгілі әнші Қажыбек Бекбосынов өмірден өтті

3598
Adyrna.kz Telegram

Халық әндерін кәсіби орындаушы өнер қайраткері, ҚР халық әртісі, прфоессор, Қажыбек Бекбосынов өмірден өтті. Бұл туралы әншінің ұлы Рауан Қажыбекұлы хабарлады, деп жазды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бекбосын Қажыбек Құдайбергенұлы 1946 жылдың 19-мамыр айында Талдықорған облысы Қапал ауданы, Қоңыр ауылы, Ұзынбұлақ бөлімшесінде дүниеге келген. Ғ. Орманов атындағы 11 жылдық мектепті бітіріп, Алматыдағы Эстрада және цирк өнері студиясында ҚАЗССР Халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтің Халық әні класына оқуға түсті. Оқуды бітіргеннен кейін Мемлекеттік «Қазақконцерт» бірлестігінде әнші-домбырашы болып қызмет атқарған. Мұхит, Ақан сері, Біржан, Әсет, Жаяу Мұса, Кенен Әзірбаев, Естай әндерін нақышына келтіріп орындады. Халқына өнерін паш етіп, тыңдармандарының сүйіктісіне айналды. Қазақстан Республикасының халық әртісі атағын иеленді.

Өмірінің соңғы жылдарында шәкірт тәрбиелеп, еліміздің бірқатар оқу орындарында ұстаздық қызмет атқарды. Қажыбек Құдайбергенұлы орындаушылық шеберлігімен қазақ әншілік өнерін дамытуға елеулі үлес қосқан тұлға ретінде халық жадында сақталады.

"Адырна" ұлттық порталының ұжымы дүниеден өткен өнер қайраткерінің балаларына, туған-туысқандары мен әріптестеріне, шәкірттеріне қайғырып көңіл айтады.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер