Жекелеген елдер арасындағы шекара мәселесі реттелмей отыр — Тоқаев

3629
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/10/db9eaca8-af0a-47cd-80f5-402d726d814d.jpeg
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Орталық Азия – Ресей» саммитіндегі сөзі басталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
«Тұрақсыздыққа алып келетін бір фактор – өңірдегі жекелеген елдер арасындағы шекара мәселесінің реттелмеуі. Шекара проблемасы ғасырлар бойы қалыптасқан достық, өзара сенім және тату көршілік негізінде, сондай-ақ халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының іргелі қағидаттарын мүлтіксіз сақтау арқылы тек бейбіт жолмен шешілуге тиіс»,—деді ол.
Президент қазіргі жағдайда қалыптасқан сауда-экономикалық байланыстарды сақтау аса маңызды екенін атап өтті.
«Шағын және орта бизнесті қолдау шараларына, энергетика, өнеркәсіп, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы салаларындағы бірлескен жобаларды қолға алуға ерекше назар аудару қажет. Бұл ретте сауда кедергілерін жою және протекционистік шараларға жол бермеу маңызды. Бізге өңірішілік сауда-саттықты дамытуға бағытталған күш-жігерді жандандыру қажет. Бұл жерде тауар айналымының құрылымын жақсартуға және оның номенклатурасын кеңейтуге мән берген жөн»,–деді Мемлекет басшысы.
Комментарии