Министрлік Ресейлік мигранттарды қазақстандықтар ұрып-соқты деген видеоға пікір білдірдіі

3286
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/10/9590ff2c-7142-4c0d-91b3-5a610bf230b2.jpeg

"Жесть дня" Telegram-арнасында Қазақстан қалаларының бірінде түсірілген ер адамды ұрып-соққан видеосы жарияланды. ҚР ІІМ аталған видеоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Видеода зардап шегуші – Ресей Федерациясынан келген мигрант, ал шабуылдаушылар – Қазақстан азаматтары және жанжалға ұлтаралық алауыздық себеп

болған деп көрсетілген.

"Қазіргі уақытта ішкі істер органдары осы видео бойынша тексеру іс-шараларын жүргізуде. Сонымен қатар полицияға өтініш түскен жоқ", – деп түсіндірді ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Ведомствоның хабарлауынша, видеоның Қазақстанда түсірілгеніне дәлел жоқ.
Комментарии