“Кім кінәсін көтереді?”: Жаңаөзенде мектеп апаттық жағдайда тұр

2353
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Жаңаөзен қаласындағы №21 орта мектептен оқушыларға қауіп төніп тұр. Бұл туралы “Адырна” ұлттық порталына оқырман хат жолдады.

Айтуынша, мектеп қабырғалары қақ айрылып, жарылып жатыр.

“Мына мектеп астыңғы жағынан құлап жатыр, ал әкімшіліктің кеше ғана қабылданған сарапшылар оқушылар оқуға болады деп шешіпті. Мына көріністі жақсылап көріңізші.. Егер сонда оқушы балалар астында қалып ажал құшса, кім кінәсін көтереді? Биыл балалар жылы дейсіздер, бірақ сол балалар осындай мектепте оқып жатыр.. Өліп кетсе ата-ана тұрмақ, ел зар қақсап қалмай ма? Ертеңгі болашақ ұрпақ деп ұрандатасыздар… Бірақ сол болашақ ұрпақтың жағдайының тұрсы мынау?!”,- деп жазды оқырман.

Қазір апаттық жағдайдағы мектепте үш ауысыммен 1200 бала оқиды. Ата-аналар мектептің кез-келген уақытта құлап түсіп, балалар мен ұстаздар зардап шегуі мүмкін деген үрейде.

Көктемдегі нөсер жауынға төтеп бере алмаған мектеп алдағы күздің жауынына қалай шыдамақ?

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер