Елжан Біртанов 6 жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін

1712
Adyrna.kz Telegram

Астана прокуратурасы Елжан Біртановты 6 жыл мерзімде бас бостандығынан айыру туралы үкім шығаруды сұрады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы "Интерфакс-Қазақстан" сайтына сілтеме жасап.

"Оның қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде жазасын өтеуін және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойы шектелуін өтіне отырып, 6 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұраймын", - деді прокурор Бауыржан Шекенов сейсенбіде өткен қос тараптың жарыссөзінде.

Прокурор, мұнымен қоса, соттың Е. Біртановты "Құрмет" орденінен айыру туралы Президентке ұсыныс жасауын сұрады.

Бұрынғы ҚР Денсаулық сақтау министрі Біртановқа қылмыстық кодекстің 361-бап 3-бөлігі (жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалануы) бойынша айып тағылған.

Есте сала кетейік, Елжан Біртанов 2020 жылдың маусымында қызметінен босатылды. Сол жылдың қазанында қамалып, одан кейін сот санкциясымен мырзақамаққа алынды. Күдікке ілігу себебі - бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ысырап етуі және санитарлық авиацияның әуе кемесін жеке мақсаттары үшін пайдалануы.

Біртановтың жақтастары қарсы тараптың әрекетін "цинизмнің шегі" деп айыптады. Олар экс-министрдің санавиация қызметін Тараз сапарында коронавирус жұқтырмау үшін пайдаланған айтты.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер