"Коммуникация тілі өзгерді, біз қатігезденіп барамыз" - Дархан Қыдырәлі

3641
Adyrna.kz Telegram

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Жәнібек Әлікеннің «Үнсіздік» қойылымына қатысты өз пікірін білдірді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Бүгін “Үнсіздік” қойылымын көріп, риза болдым. Музыкалық жас көрермен театрында өткен перфоманс жанрындағы қойылымда боямысыз өмірден алынған әлеуметтік, шынайы шындық ойландырды. Жәнібек біз күнде көріп, куә болып жүрген, кейбір кейіпкерлерін танитын, бірақ етіміз үйреніп кеткен, сөйтіп ішіміздегі үнсіздікке көмген айналамыздағы ақиқатты бүкпесіз беріпті. Қойылым сендірді, өйткені ол ақиқат пен алдамшы дүние арасында адасқан, виртуалды әлемге байланған, түкке тұрғысыз бірдеңе үшін жүйке жұқартып, өзара қырқысқан, құндылықтары құнсызданған қоғам мен адам туралы. Шынында біз қатігезденіп барамыз. Коммуникация тілі де өзгеріп кетті. “Айналайын” деген сөз айналамызда аз айтылады. Құбылған заманда Құбыламыздан жаңылып қалмасақ игі. Қойылымды көріп отырып осындай ой жетегінде кетесің. Авторын - Жәнібек бауырымды, режиссерді, ойыншыларды құттықтаймын және жастарға көруге кеңес беремін", - деп жазды министр өзінің фейсбук парақшасында.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер