Президенттің кешегі "ұйым құрайық' дегенін, өз басым, "Русский мирдің" басты қаруы саналатын орыс тілін —әлемдік деңгейдегі саяси аренадан шығарып, Путин командасының позицияларын әлсірету үшін жасалған саяси қадам деп түсіндім.
Менің ойымша бұл қадамнан кейін, "Русский мирдің" жындылары, еее тілімізді тістеп жатыр, үйтіп—жатыр, сүйтіп жатыр деп, көршілерге көз аларта алмайды. Яғни, Тоқаев "мемлекетаралық" деңгейде орын алуы мүмкін делінетін үлкен бір конфликтің бетін қайырып, салдарының бірін шаранада жатқан жерінен буындырмаққа қадам жасады деп ойлаймын.
Не болсада Украинамен болып жатқан соғыс, Ресейдің барынша әлсіреуіне әкеліп соққанын күту керек. Допты қаттырақ ұрсаң, қаттырақ ұшады демекші, керек кезде өтірік мақтай сап, өгізді өткізіп алғанға дейін аюды сипай тұрғанда жөн. Сайқал саясат деген осы ау шамасы.
Оның үстіне, бұл әрекет, халқымның Қазақ тіліне деген сұранысын, ынтасын арттырып, ашындырып— тіліміздің деңгейін көтеріп жіберетін зор мүмкіндіктің бірі. Жақын арада, таразы басын теңестіріп жіберуге себі тиер Қазақ тілін қолдайтын ұйымныңда құрылып кетуі ғажап емес. Құру керек. Қысқасы, орыс тілін қолдайтын ұйым жайлы не ойлайсың, пікірің қандай деген үш— төрт адамға осылай жауап бердім. Ал бұл тұрғыда сіздің пікіріңіз қандай?
Теріскей көшіне жауап беретін "TAUEKEL" ұйымының Әмірі ретінде, болашақта, көш арқылы Теріскейдегі Қазақи идеологияның бәсін көтеріп, мерейін тасытамыз деген тарихи ісімізге қолдан жасалған кедергілер келтірілмес үшін, биліктің кейбір шешімдеріне басқа көзқараспен қарап, түсініп, санасуға мәжбүрмін. Яғни, сен саясатпен ойнамасаң, саясат сенімен ойнайды демекші, менікіде САЯСАТ. Саясатты ойламаған Қазақты, Қазақты ойламайтын саясаткер басқарады.
"Адырна" ұлттық порталы