Профессор болашақ тарихшылармен кездесті

538

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде тарих ғылымдарының докторы, профессор, қытайтанушы Нәбижан Мұқамедханұлымен кездесу өткізді. «Тарихтан тағылым» жобасы аясында өткен кездесуге университеттің Тарих және құқық факультетінің студенттері қатысты.

Ғалым студенттерге 1931-1933 жылдары қазақ даласында болған жаппай ашаршылық пен оның зардаптары туралы әңгімеледі. «20-ғасырдың 30-жылдарында қазақ халқы ең ауыр кезеңің бастан кешірді. Кеңес өкіметі қазақтарды бір оқ шығармай қырып салды. Мұны ғылымда геноцид деп атайды. Біз геноцидке ұшырған халықпыз», деді ғалым. Н.Мұқамедханұлының дерегінше, сол жылдары Қытайға 100 мыңға тарта қазақ өткен. Оның сөзінше ашаршылық кезінде қазақ жерінде көшкен адамдардан өлкен адамдардан саны көп болған.

Кездесу соңында студенттер ғалымға сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар алды.

Пікірлер