«Әділетті Қазақстан» үшін дауыс беру маңызды

6142
Adyrna.kz Telegram

Өздеріңізге белгілі, маусым айында конституциялық реформалар бойынша референдум өткен еді.  Онда  біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  «Әділетті Қазақстан» құру  сияқты концепциялары ойға алынды. Кезектен тыс Президент сайлауын өткізу мәселесі де бір жағынан дұрыс шешім деп ойлаймын. Президентіміз қабылдаған бағыт-бағдарларды іске асыру үшін жаңа көзқарас, жаңа бағыт керек. Оған сенімді мандат керек. Уақытынан  бұрын осындай қадамға барып отырғанының өзі – Президенттің  «Әділетті Қазақстанды» құрамын деген шын ниетінен туып отыр.

Халықтық коалиция болып бірігіп,  олар бір ауыздан  Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды. Соның ішінде Ұлттық Ғылым академиясы да Қасым-Жомарт Кемелұлының кандитатурасын ұсынғанын жақсы білесіздер. Жалпы, «Әділетті Қазақстан» қашан орнайды, қай кезде орнайды?» деген заңды сұрақ туындап жатады. «Әділетті Қазақстан» – заңдар үстем құрғанда орнайды. Сол себептен де, конституциялық реформалар жасап, өзгерістерді енгізіп алдық. Елге жеткізетін, елмен кері байланыс орнататын, «Халық үніне құлақ асатын Үкіметті» құрып жатырмыз. Енді бұрынғыдай құр мақтау, жалған есептерден арылып, нақты көрсеткіштерге, нақты шешімдерге жұмыс істейтін боламыз. Барды бар, жоқты жоқ деп айтатын кез келді. Халықтық коалиция  форумында да Президент қоғамға қажетті қағидаларды атап өтті.

Мемлекет басшысының «Біздің Тәуелсіздігіміз бәрінен қымбат» деген сөзі – тәуелсіздігімізді көзіміздің қарашығындай сақтау деген сөз. Бізге мемлекет не береді деп емес, біз мемлекетке не береміз, қандай көмегіміз болады деген бағытта әрқайсысымыз қолға алған жөн. Ол үшін білімді, саналы жас ұрпақ жетілуі тиіс. Экономикамыз қалыптасып, әлеуметтік ахуалымыз артатын болса, мемлекет ішінен де небір дарынды жастар өсіп шығады. Олар білімге де, ғылымға да өз үлесін қосатын болады. Президент Ұлттық ғылым академиясына барғанында: «Академияның мәртебесін көтеру керек деп санаймын. Бұл құрылым ғылыми ой-тұжырым орталығына айналуға тиіс. Сондай-ақ сараптама жасайтын беделді мекеме болуы керек. Қара шаңырақтың рөлін арттыру маңызды» деп айтқаны есімізде. Экономикамыз дамуы үшін де ең алдымен ғылым-білімге көбірек көңіл бөлу керек екенін айтып отыр.

Ендеше, алдағы сайлауда «Әділетті Қазақстан» үшін дауыс беру маңызды деп санаймын. 7 жыл ішінде Президент бастамалары жүзеге асып, нәтижесін көретін боламыз.  

Кәрімбек ҚҰРМАНӘЛИЕВ,  

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі

Пікірлер