Алматыда далада түнеп жүрген студенттерге көмек көрсетіледі - Министрлік

2176
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы студенттердің «далада түнеп жүргені» жайлы бейнеролик тарады. Ғылым және жоғары білім министрлігі бейнеролик авторы және оқиға куәгерлерінің ведомствоға хабарласуын сұрайды. Қажет болған жағдайда ол студенттерге көмек көрсетіледі. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Министрлік басқа өңірлерде бұндай жағдай тіркелмегенін хабарлап, Алматыдағы студенттерге көмектесуге даяр екенін мәлімдеді.

«Алматыда қиын жағдайға тап болған студенттерге арналған арнайы жедел штаб жұмыс істейді. Баспанамен қамту бойынша студенттер тәулік бойы 8 778 655 60 83 байланыс телефонына хабарласа алады. Бұдан бөлек Ғылым және жоғары білім министрлігінің 1450 бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді», - делінген ресми хабарламада. 

Сонымен қатар, Әділет министрлігінің тұрғын үйді жалға алу мәселелері бойынша тегін заңгерлік кеңес беретін 119 (қалалық телефон) немесе 58-00-58 байланыс номеріне хабарласуға болады (Алматы, Астана).

Еліміздегі барлық жоғары оқу орындарында қоғамдық қабылдау кеңселері ашылған. Ол жерге студенттер, олардың ата-аналары мен оқытушылар жүгіне алады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер