«Тоқаев орыс тілін ілгерілету бойынша ТМД елдерінің ішінде ұйым құруды ұсынды, біз оны қолдаймыз» деді Путин. Әрине бұл мәлімдеме эмоцияны басқа бірақ шығарды. Бұл не ұйым? Қандай функция атқарады? Алдыда сайлау, сондай сәтте мына мәлімдемені не үшін айтты? Сұрақ көп, қорқыныш та...Кейбіреулер өтірікті ысқыртып ақтап жатыр, кейбіреулер эмоцияны бұрқыратып даттап жатыр.
Сайлау алдында тіпті жеңіске жетеріңді біліп тұрсаң да, мұндай мәлімдеме жасау жағымсыз эффект берері анық. Тіпті сені қолдайтын электораттың өзіне де. Ендеше оны не үшін айтты? Симоньянның 5-қаңтарда жазған посты есіме түсіп кетті. Біраз талап қояды, соның бірі «Қазақстанға көмектесейік, бірақ ол бізге орыс тілі мен орыс мектептері жайлы шынайы есеп берсін, алдамасын» дегені. Ресей билігі орыс тіліне қатысты Қазақстан өзіне жалған ақпарат береді деп есептесе керек. Жақында Ресей сайттарында бір үлкен зерттеу шықты. Сілтемесі міне, оқимын десеңіз.
Қысқасы мұнда Ресей Қазақстанда орыс тілінің жағдайы нашарлап жатыр, орыс тілі мұғалімдері қысқаруда дейді. Мұндай зерттеулерге, пропагандистерінің айтқандарына қарап «Қазақстанда орыс тіліне қысым бар» дегенді Кремль шайқап жатыр ақырындап. Мына ұсыныс соның алдын алу үшін жасалды ма деп те ойлаймын бір жағынан, басқа логикалық себебін көріп тұрғаным жоқ. «Орыс тіліне қысым бар десе, орыс тілін қорғау бойынша ұйым құруды ұсынған біз едік» деп жауап беру үшін. Мүмкін ойым қате.
Ал енді бұл ұйым қазақ тіліне қысым жасай ала ма? Жоқ, ол мүмкін емес. Ұйым емес тілдің тағдырын шешетін. Тіл тағдырын идеология мен демография шешеді.
Асхат Қасенғали,
Facebook парақшасынан