Президенттікке үміткер Нұржан Әлтаев жалған құжаттар ұсынды деп айыпталды

3053
Adyrna.kz Telegram

Президенттікке кандидат ретінде ұсынылған Нұржан Әлтаевтың құжаттары бұрмалану фактісіне тексеріліп жатыр. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының ресми сайты мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«2022 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 54 және 55-баптарына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс сайлауы бойынша сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 67/545 қаулысына сәйкес Нұржан Бауыржанұлы Әлтаевтың «Мұқалмас» Республикалық қоғамдық бірлестігінен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы келесі құжаттары ұсынылды:

1. «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының Президенттігіне ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірмесі;

2. Н.Б. Әлтаевтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;

3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;

4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5. Жоғары білімі туралы дипломның көшірмесі.

Сондай-ақ, Ортсайлаукомға а.ж. 7 қазанда «Мұқалмас» РҚБ филиалдарының бірқатар басшыларынан «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының Президенттігіне Н.Б. Әлтаевты ұсыну туралы хаттамасының бұрмаланғаны туралы өтініш келіп түскенін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта осы факт бойынша құзыретті органдар тексеру жүргізуде», - делінген хабарламада.

“Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер