Президент жарлығы: Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесті

2731
Adyrna.kz Telegram

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әкімдердің халықпен кездесулер өткізуі туралы» жарлыққа  қол қойды. Онда «Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін» делінген. Осыған сәйкес, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев жыл соңына дейін халықпен 24 кездесу өткізеді деп жоспарланған. Бұл жолғы кездесу Алатау ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Қала басшысы ауданның дамуы және тұрғындардан түскен ұсыныстар бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып берді.

Ауданда коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту  өзекті мәселе болып қала береді. Ағымдағы жылдың тамыз айында Ақбұлақ шағын ауданында ұзындығы 29 км орталық желілер іске қосылды, бұл 1,5 мың жеке үйді ауыз сумен және кәрізбен қамтуға мүмкіндік берді. Жыл соңына дейін «Өжет», «Самғау», «Шапағат». шағын аудандарындағы желілер аяқталады. 2023 жылдың сәуір айында Теректі, Болашақ, Түркістан және Рахат-Мәдениет шағын аудандарында 239 км сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысы басталады, аяқталу мерзімі 2024 жылдың желтоқсан айы.  Нәтижесінде коммуналдық инфрақұрылымға 5 мыңнан астам үйлер қосылады.

Қала әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, аудандағы жолдардың пайдалану сипаттамаларын жақсарту үшін жалпы ұзындығы 42 км болатын 53 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде Рысқұлов, Райымбек даңғылдары, Жаңа Саин, Өтемісұлы көшелері, сондай-ақ   Дархан, Саялы, Ұлжан, Өжет, Көк-Қайнар ш/а бойынша жұмыстар аяқталды. Жыл соңына дейін Алғабас және Ақбұлақ шағын аудандарындағы жолдарға орташа жөндеу жұмыстары аяқталады.

Ауданда жауын-шашын кезінде су басу мәселесі өзекті болып қала береді. Осы мәселені шешу үшін ағымдағы жылы тұрақты су басудың 7 учаскесінде арықтарды салу және реконструкциялау бойынша жобалар аяқталды. 3 коллектор қалпына келтіріліп, ұзындығы 955 м. арық желісі салынды. Жыл соңына дейін тағы 11 су басу учаскесінде жұмыстар аяқталады.

Ағымдағы жылдың көктемінде автобус паркін жаңарту мәселесі бойынша әкімдік 450 жаңа автобус сатып алды, оның 92-сі Алатау ауданына берілді. Осылайша, ауданның автобус паркі толығымен жаңартылды.

Оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешу үшін 1 қыркүйекте 4800 орындық 3 жаңа мектеп ашылды. Бұл Алматы қаласындағы жалғыз үш ауысымды мектеп мәселесін түпкілікті шешуге мүмкіндік берді. 3000 орындық тағы 2 мектеп жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, Саялы-2, Зерделі және Самғау шағын аудандарында 2600 орындық 3 жаңа мектеп салу жұмыстары жүргізілуде.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы тапшылықты қысқарту мақсатында ағымдағы жылдың тамыз айында  Саялы шағын ауданында 160 орындық балабақша құрылысы басталды. Саялы. Құрылысты аяқтау 2023 жылдың наурызына жоспарланған.

Алатау ауданының тұрғындары үшін спорттық нысандармен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылдың наурыз айында жеке инвестордың қаражаты есебінен үстел теннисі орталығы ашылды, оған қазір күн сайын 50 бала келеді. Зерделі шағын ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің, ал Нұркент шағын ауданында теннис кортының құрылыстары қосымша жүргізілуде. Бұл спорт кешендері 2023 жылдың желтоқсанында ашылатын болады.

2023 жылғы маусымға дейін Саялы, Қарасу шағын аудандарында медициналық қызмет көрсетудің қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін күніне 200 адам келетін екі дәрігерлік амбулатория салынады.

Сонымен қатар, қала  әкімі рболат Досаев  «Халықтың бюджетке қатысуы»  бағдарламасының іске асырылу барысы туралы хабардар етті. Биыл ауданда 24 жоба аяқталды. Бұл 12 футбол, 7 баскетбол, 6 волейбол алаңы, балалар алаңы және workout алаңдары. Бүгінгі таңда 18 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде (6 сквер және 12 балалар және workout алаңдары).

Алматы әкімімен кездесу барысында тұрғындар жолдарды жөндеу, кәріз және электр желілерін абаттандыру және т. б. мәселелерді көтерді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген халықпен кездесудің жаңа форматына сәйкес, жыл соңына дейін Ерболат Досаев халықпен 24 кездесу өткізеді – 8 ауданның әрқайсысының тұрғындарымен тоқсанына бір кездесу.

Пікірлер