10 қазан 2018 ж. қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің шетел тілдері кафедрасы ұжымы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жыл 5 қазандағы Ақордада Қазақстан халқына жолдаған жыл сайынғы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" Жолдауының негізгі ережелерін қызу
талқылап, түсіндірді. Кафедра меңгерушісі тарих ғылымдарының кандидаты, доцент А.Т.Тоқметов кафедра мәжілісін ашып және Елбасы Жолдауының өзектілігі мен маңыздылығына тоқталып, аталмыш Жолдаудың келешекте қазақстандықтардың әл-ауқатын артыруға, білім сапасын жақсартуға негіз болатынын атап көрсетті. Елбасының Қазақстанда ЖОО сапасы туралы өз ойымен бөліскенін айта келіп, оқу орнындарының сапасы, оны бітіруші түлектердің толықтай жұмысқа орналасу көрсеткішімен толықтай бағаланса, Елбасы айтқандай бұл зор ынталандыру болмақ. Кейін кафедра оқытушысы филология ғылымдарының кандидаты Р.К.Садықова өз ойымен бөлісті. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы – халықтың жағдайын дамытуға, қазіргі уақытта ең басты міндеттердің бірі болған – әлеуметтік- экономикалық ахуалға қатысты болып, оны түбегейлі жақсарту мақсатында нақты міндеттер қойғаны, соған байланысты жұмысты одан әрі жалғастыруға баса көңіл бөліп, халықтың табысын көбейту керек екенін атап өтті. Осы орайда ең төменгі жалақы мөлшерін 1,5 есеге арттыру тапсырмасы 1 миллион 300 мың адамның тұрмыс-тіршілігіне оң әсер ететінін, 275 мың бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен алғанда, 35 пайызға артатыны туралы айтып өтті. Сондай-ақ Елбасы ұстаздардың да әлеуметтік жағдайына баса назар аударды, «Педагог мәртебесі туралы» жаңа заңды дайындау жайындағы жаңа бастамасы қазақстандық мұғалімдерге үлкен серпін беретінін, ұстаздарға берілетін жүктемені жеңілдету, үш ауысымды оқыту мәселелерін шешуге ерекше тоқталғаны жайында сөз қозғады. Сөз кезегін Ақан Г. алып, Елбасының Жолдауы – келешектің бастауы екенін ерекше атап, өз ойымен бөлісіп, Қазақстан Президенті нарықта тек жоғары білім бере алатын жоғары оқу орындары қалу керектігіне тоқталып өтті. Содан соң аға оқытушы Кебекбаев М. Президент Жолдауы туралы: «Бұл Жолдаудың Қазақстан халқына қызмет ететін, оның мемлекеттер арасында бәсекеге қабілетін артыратын бағалы құжаттың бірі. Өйткені, Президенттің әрбір тапсырмасы елдің жарқын болашағы үшін жасалып жатыр. Жолдау бүкіл Қазақстанды дамытуға негіз болады және қазақстандықтардың әл-ауқаты жақсарады»- деп өз ойын білдірді. Талқылау соңында кафедра меңгерушісі А.Т.Тоқметов жоғары оқу иорнының басты табыстылығы – оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы, жоғары оқу орындарын ірілендіру саясатын жүргізілуі, Назарбаев Университетінің тәжірибесін негізге алып, үздік шетелдік топ-менеджерлерді тартып, әлемдегі ең беделді университеттерімен байланыс жасауы екендігін атап берді. Кафедраның оқытушылар қауымы Жолдаудың маңызды және тарихи құжат екенін ескере отырып, бұл Жолдауды бәріміз қолдауымыз керек деп өз ойларын ортаға салды.
Филология ғылымдарының кандидаты Р.К. Садықова
"Адырна" ұлттық порталы