Оралда 10 сынып оқушысы сабақ үстінде қайтыс болды

4597
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/10/427ffea4-4d90-4591-97c4-de476eebde97.jpeg

Оралда 10 сынып оқушысы сабақ үстінде қайтыс болды. Бұл туралы ведомство мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Батыс Қазақстан облысытық білім беру басқармасының мәліметінше, қайғыллы оқиға Зачаган кентіндегі №10 жалпы орта білім беретін мектебінде болған.

4 қазан күні таңертең мектепке келген 10 сынып оқушысы сабақ үстінде қайтыс болды.

"2007 жылғы ұл бала

сағат 07.45-те мектепке келген. Сынып оқушыларымен бірге сабаққа дейін дәлізге шығып, сөйлескен. Сосын 08.00-де сынып бөлмесіне кірген. Балалардың барлығы орындарына отырып, сабаққа дайындалып жатқан кезде ол отырған жерінде құлаған. Сол мезетте жедел жәрдем шақырылғанымен, жасөспірімді құтқарып қалу мүмкін болмады", – деп хабарлады ведомство.

Комментарии