Өзбекстанда химия зауытында өрт шықты

727
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Өзбекстанда Ташкент облысындағы Шыршық қаласында орналасқан химия зауытында өрт шықты. Бұл туралы Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«4 қазан күні сағат 8:40-та Ташкент облысы Шыршық қаласында орналасқан «Максам Чирчик» АҚ кәсіпорнының синтездеу цехында жарылыс болғаны туралы хабар келіп түсті.  Оқиға орнына Ташкент облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығы мен қызметкерлері және арнайы техникалар келді. Қазіргі уақытта қалыптасқан жағдайдың салдары жойылуда. Жағдай бақылауда» делінген хабарламада.

Ташкент облысының азаматтық қорғау басшысы – облыс әкімі Зойир Мирзаев тиісті басшыларға жағдайды тез арада реттеуді тапсырды. Оқиғаның себептері мен салдары анықталып жатыр.

”Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket