Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «Адырна» ҚҚ Атырау қаласында «Жас келсе іске…» тақырыбында сараптамалық пікірталас өткізді.
Іс-шараның мақсаты көтерілетін мәселелер арқылы жастарды болашақ өмірлік жоспарларына ынталандыру және шығармашылық әлеуетті дамыту.
Пікірталасқа аймақтағы танымал блогер, актре, кәсіпкер Ернар Сакупов қатысып өзінің жетістікке жету жолын айтып, қатысушы жастар арасында талқылау жүргізді.
«Мен әуелі өзімнің алғашқы үлкен қадамдарымды КВН-нен бастадым. Көпішілігі секілді әуелі теледидарда әзіл ойнап, көрерменнің көзайымына айнала бастадық. Артынша актерлік салаға түсіп, бүгінде бірнеше киноларда бой көрсеттім. Қазіргі таңда жеке имидж қалыптасу үстінде. Соның арқасында кәсіп ашып, жаңа жолды бағындырудамын. Яғни, бұл арқылы не айтқым келеді. Еңбек етуден жалықпау керек. Себебі, сенің қай бір ісің болмасын түбінде жетістіккке жетелейді. Ол — сөзсіз» деді Ернар Сакупов жастарға айтқан сөзінде.
Одан бөлек кездесу барысында бүгінгі күні еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар және қай саланы белсенді дамыту керек, жастарды кәсіпкерлік қызметке оқыту, кәсіпкердің қажетті дағдылары, жастарға берілген мүмкіндік пен соны қалай дұрыс пайдалану керектігі жайында сөз болды.
Қатысушы жастар блогерге сұрақтар қойып, қазіргі таңда инстаграм арқылы қалай дамуға болатыны жайлы сұрады. Ернар мырза оларға жаңа идеялар жасап, ешкім шығармаған дүниені ойлап таба алсаң расымен жетістікке жету қиын емес екендігін айтты.