БҚО-да үздік ұстаздар марапатталды

613

Ұстаздар күні мерекесі қарсаңында өткен салтанатты шарада БҚО әкімі Ғали Есқалиев мәртебелі маман иелерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, Алғыс хаттар табыстады.

– Ұстаздық – бұл жай ғана мамандық иесі емес, адам жан-жүрегімен таңдаған аса жауапты мамандық. Өңірде 21 мыңнан астам педагог, 168 мыңнан астам білім беру ұйымы бар. Барлығы да жемісті еңбек етіп келеді. Кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! – деген Ғали Нәжімеденұлы 22 ұстазға Алғыс хат тапсырды.

Жиында «Батыс Қазақстан облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының математика пәнінің мұғалімі Жақсымбет Ғиззатов марапатталып, бір жылдық сыйақы табысталды.
Ағымдағы жылдың ҰБТ қорытындысымен республикадағы «Үздік 100» мектеп тізіміне енген білім ордаларын және «Bilim HIGH» телевизиялық жобасының команда жетекшілері марапатталды.
Өз кезегінде облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтап, алғыс білдірді.
Үздік 100» мектеп тізіміне енген өңір мектептерінің арасында
облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған Абай атындағы мектеп-гимназия-интернаты, дарынды балаларға арналған мамандандырылған С. Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-лицей-интернаты, дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім инновация» мектеп-лицей-интернаты, Тасқала ауданының «Сәулет» мектеп-лицейі», Жаңақала ауданының мектеп-гимназиясы, Ақжайық ауданының Абай атындағы мектеп-гимназиясы, Қаратөбе ауданының мектеп-гимназиясы, Орал қаласының Мәншүк Мәметова атындағы №27 мектеп-лицейі, 125 HIGHSCHOOL жеке мектебі бар.
Сондай-ақ «Bilim HIGH» телевизиялық жобасының жеңімпаз командаларының жетекшілері Бөрлі ауданынан Оралхан Қажкенов, «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей-интернатынан
Диана Хусайнова, Қаратөбе ауданынан Жайнагүл Жұмабаеваның еңбектері бағаланды.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket