Әлеуметтік саладағы инновацияларға қанықты

1773
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысының Жолдауының негізгі бағыттарын халыққа түсіндіру мақсатында ауқымды ақпараттық науқан басталған болатын. Осы мақсатта құрамында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері бар ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс сапарымен БҚО-да болып, әлеуметтік-еңбек саласындағы және Әлеуметтік кодекс жобасының нормаларын халыққа түсіндірді.

Қыркүйек айының соңында министрлік өкілдері мен еншілес кәсіпорындардың басшыларынан құралған мобильді топтар жұмысын бастады. Басқарма өкілдері алдымен БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовпен кездесті, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Тәуелсіз өмір сүру» үйінде болып, «Жайықтеплоэнерго» АҚ ұжымымен және Орал жоғары аграрлық техникалық колледжінің жастарымен жүздесті. Солндай-ақ жұмыс сапары Бәйтерек, Теректі аудандарында жалғасып, ауыл әкімдерімен, аудандық мәслихат депутаттарымен, сондай-ақ жастармен, білім және медицина саласының қызметкерлерімен әңгімелесті, медициналық-әлеуметтік мекемеде болды.
Ауыл тұрғындарына «Цифрлық отбасы картасын» енгізу, жаңа көші-қон саясаты, сондай-ақ жұмыспен қамту, балалы отбасыларды қолдау шаралары, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту және зейнетақы төлемдерін арттыру туралы айтылды.

Бір сөзбен айтқанда, батысқазақстандықтар әлеуметтік саладағы инновацияларға қанық болды.

Пікірлер