Пациенттің өліміне кінәлі деп танылған ресейлік дәрігер Қазақстаннан шығарылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы ІІМ жаңалықтары жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Алматы қаласы көші-қон қызметі басқармасының мәліметінше, Ресей азаматы Р. Алферов елден шығарылды.
Ол Наурызбай аудандық сотының 2021 жылғы 27 шілдедегі шешімімен шығарылуға тиіс болған. Сот шешімін өз еркімен орындауға 10 күн мерзім берілген, алайда осы уақыт ішінде ол түрлі жолмен сот шешімін орындаудан жалтарған, яғни бірнеше рет кассациялық шағым берген, стационарда емделуде болған.
Сондай-ақ, ол Қазақстанда болған кезінде бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке және бір рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Ал kozachkov телеграм арнасының мәліметінше, пластикалық хирургтің қолынан екі пациент мерт болған.
“Адырна” ұлттық порталы