БҚО-да Халықаралық «Атамекен» ән фестивалі өтеді

2542
Adyrna.kz Telegram

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі, Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылы қазан айының 4-6 күндері «Атамекен» өнер ордасында ХІІ Халықаралық «Атамекен» ән фестивалі өтеді.

Байқаудың мақсаты:

- Ескендір Хасанғалиевтың шығармашылығын, есімін ұлықтау, жас ұрпаққа насихаттау;
- Ұлтаралық мәдени байланыстарды кеңейту, ынтымақтастықты жандандыру;
- Ән әлеміндегі дарынды жастарды халыққа кеңінен танытып, олардың кәсіби шығармашылықтарын қолдау.

4 қазан сағат 18.00 – ХІІ Халықаралық «Атамекен» ән фестивалінің ашылуы және «Есіңе ал» Ескендір Хасанғалиевты еске алу концерті

5 қазан сағат 10.00 – ХІІ Халықаралық «Атамекен» фестивалінің І кезеңі
сағат 15.00 – Фестивальдің ІІ кезеңі

6 қазан сағат 16.00 – Гала концерт және жеңімпаздарды марапаттау.

ХІІ Халықаралық ән фестиваліне шетелден: Өзбекстан (Нүкіс қаласы) және Қытай елінен, республика аумағынан: Нұр-Сұлтан, Алматы, Қостанай, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Абай облысы және Орал қаласы, БҚО аудандарынан 25 үміткер қатысуға өтініш білдірді.

Байқау эстрада аталымы бойынша өткізіліп, қатысушылар Е.Хасанғалиевтың 2 әнін ұсынады (қазақ тілінде немесе басқа тілге аударылған).

Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар арнайы диплом, статуэтка және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Қазылар алқасының құрамында Ескендір Хасанғалиевтың ұлы, әнші-композитор Біржан Хасанғалиев, сонымен қатар БҚО өнер майталмандары, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының әншілері Марат Сарбөпеев және Жаскелең Ғайсағалиев, әнші-композитор Таңат Жексенбаев, сонымен қатар Алматы қаласынан IV халықаралық «Атамекен» ән байқауының Гран при иегері, киноактер, әнші Асхат Үрпеков.

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

Байланыс телефоны: 8 /711 2/23-60-08,28-00-27

Е-mail: ocnt-zko@mail.kz

Пікірлер