Еліміздің ең қарт тұрғыны 121 жаста

2497
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда 100 жастағы және одан да үлкенірек жастағы 487 азамат бар. Ең жасы үлкен қазақстандық Түркістан облысында тұрады, ол 121 жасқа толған туған күнін атап өтті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Әдетте, еліміздің оңтүстік өңірінде ең көп өмір сүреді деуге болады. Түркістан облысында 100 және одан жоғары жастағы 75 адам бар. Ұзақ өмір сүрушілер саны бойынша екінші орында еліміздің ең ірі қаласы – Алматы. Онда 100 жастан асқан 62 адам тұрады.

Ұзақ өмір сүретіндер саны бойынша үшінші орында Алматы облысы тұр, онда 100 және одан жоғары жастағы 55 адам тұрады.
Ең қарт қазақстандықтардың үштігіне Түркістан облысының тұрғындары – 121 жас, Шымкент қаласы – 120 жас, Жамбыл облысы – 119 жас кірді. Қазақстанда барлығы 100 жастан асқан 31 адам тұрады»,–деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда да 1 қазанда Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Бұл мерекені 1990 жылы 14 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 45 сессияда жариялады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер