"Небәрі 15 жаста еді": Шымкенттегі жатақханада 1 курс студенті көз жұмды

2942
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласының полиция департаменті 1 курс студентінің қайтыс болғанын хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Otyrar.kz мәлімдеуінше, қайғылы оқиға 22 қыркүйекке қараған түні болды. Жедел жәрдем қызметкерлері мәйіттің жатақханада табылғаны туралы полицияға хабарлады.

Куәгерлердің айтуынша, колледждің 1-курс оқушысы екі студентпен ерегесіп, жанжалдан кейін көз жұмған. Олардың бірі жігіттің кеудесінен, ал екіншісі иығынан ұрғаны белгілі болды. Нәтижесінде оның жағдайы күрт нашарлап, жігіт жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды.

Шымкент қаласының білім басқармасынан хабарлағандай, көз жұмған студент небәрі 15 жаста еді. Ол Түлкібас ауданынан келіп, М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжіне "Цифрлық техника" мамандығы бойынша оқуға түскен.

Әл-Фараби АПБ қызметкерлері ҚР ҚК 106-бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер