"Өз мемлекеттері үшін өздері жауапты" - Эстония мен Латвия ресейліктерге шекараны жапты

4355
Adyrna.kz Telegram

Эстония мен Латвия мобилизациядан қашқан Ресей азаматтарын елге кіргізбейді. Бұл туралы Эстонияның Премьер-Министрі Кая Каллас пен Латвияның Сыртқы істер министрі Эдгар Ринкевич мәлімдеді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

"Барлық азаматтар өз мемлекетінің әрекеттері үшін жауап береді, бұл Ресей азаматтарына да қатысты. Бұл өз елінен қашып бара жатқан ресейліктерге баспана беруге негіз бола алмайды. Олар бұл соғысқа қарсы екендіктерін білдіріп, мәлімдеуі керек", — деді Эстонияның Премьер-Министрі Каллас.

Латвия СІМ басшысы да Ресей азаматтарына виза берілмейтінін мәлімдеді.

"Қауіпсіздікті сақтау мақсатында Латвия мобилизациядан жалтарған Ресей азаматтарына виза түрлерін бермейді, сонымен қатар 19 қыркүйектен бастап енгізілген Шенген визалары бар Ресей азаматтары үшін шекарадан өтуге қойылған шектеулерін өзгертпейді", — деп мәлімдеді Латвия СІМ басшысы.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер