Ақын Мұхамеджан Тазабек Instagram-дағы парақшасында Қайрат Сатыбалдының соты туралы пікір білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
“Кінәсі болса мойындау – еркектің тірлігі! Тергеу ақырына жеткенше мың түрлі вариант, жүз түрлі версия айтылды. Әлемдік террордан әйелдік өсекке дейін түк қалдырмай қамтып, халыққа «ақпарат» тараттық... «Қаңтарға» қатысы бардай, төңкеріс қалаған жандай айыптадық. Қара ниетпен қаралағандар да, таңдайы түскенше табалағандар да болды. Аллаға тапсырдық! Адамның тағдыры Алланың қолында. Алла қалаған құлын сынайды, қалаған құлын тазартады. Бізге жаман көрінген нәрседе жақсылық, жақсы көрінген нәрседе жамандық болуы мүмкін. Кебін киген келмейді, кебенек киген келеді...”,- деп жазды ол.
Одан бөлек, сақалға қатысты біраз сөз қозғай кетіп, ағасы Қайратқа сәттілік тіледі.
«Ағамызға Алла жар болсын! Сынақтың жеңілдігін берсін. Ең алғаш бізді қасиетті Меккеге алып барған «қажымайтын қара нар» ғой бұл кісі. Сол жасаған жақсылығыңыз үшін тұра беріңіз қасқайып, Қайрат аға!!!» - деп ыстық лебізін білдірді.
“Адырна” ұлттық порталы