“Прокурор қарапайым процестік заң нормаларын білмей ме?”: Абзал Құспан Сатыбалдының сотына қатысты пікір білдірді

2375
Adyrna.kz Telegram

Заңгер Абзал Құспан Қайрат Сатыбалдының сот үкіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Азаттық радиосы бүгін Қайрат Сатыбалдының қатысуымен бейнебаяннан үзінді жариялады.  Сайт таратқан ақпаратқа сәйкес, Сатыбалдыға қатысты сот процесі миллиардтаған қаржыны ұрлау фактісі бойынша басталған.
Жәбірленуші тараптың бірі - “Казахтелеком”АҚ-ы 12,7 млрд теңге шығын қайтарылғаны себепті, медиативтік келісім жасау туралы өтініш берген. Сот прокурордың пікірін сұраған, ол уақыт сұраған, соған байланысты үзіліс жарияланған.

    Түк түсінсем бұйырмасын?!  Егер сайт ақпаратына сенсек, Сатыбалдыға тағылған айып аса ірі көлемде қаржы ұрлау, яғни ҚР ҚК-ның 189 б., 4 бөлігімен тағылған. Ол ауыр санаттағы істер қатарына жатады. Ал медиативті келісім тек қана онша ауыр емес және орташа санаттағы істер бойынша жасалуы мүмкін.

Бұл 2+2=4 сияқты, қарапайым нәрсе. Қазақтелекомды түсінуге болар, бірақ Астаналық судья мен прокурорға не жорық? Сонда олар қарапайым процестік заң нормаларын білмей ме? Әлде, “жыланды үш кессеңде, шегірткелік әлі бар”-деп, әсіресақтық жасаған түрлері ме?”,- жеп жазды ол Facebook парақшасына.

”Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер