Бізде азаматтықты қандастар емес, сырттан келген өзге ұлт өкілдері оңай алады - Нұрлан Албан

3018
Adyrna.kz Telegram

Әнші Нұрлан Албан өзінің instagram парақшасында қандастарымыздың ел азаматтығын алуға қатысты өткір мәселесін көтерді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

- Біздің қолымыздағы үлкен қару - әлеуметтік желі. Осы әлеуметтік желіде соңғы уақытта тоқтаусыз талқыға түсіп жатқан мәселе - шетелден келетін қандастарға бес жылсыз азаматтық бермеу туралы заң. Оның қабылдануына ел жұрт наразылық білдіріп жатыр.... Шетелден келетін кім? Қандас. Қандас деген кім? Қазақ. Өзіміз ат төбеліндей ғана елміз... Елімізде өсіп-өнеміз деп жатқанда, неге шетелден келетін біздің қазақ бауырларымыз бес жыл азаматтық ала алмауы керек? Оның орнына күні кеше шетелден келіп жатқан өзге ұлт өкілдері азаматтық алып жатыр. Бұл адамды бөліп-жару ма?- деді әнші.

Сонымен қатар, әнші өзінің видео-үндеуінде бұл проблемаға жауапты мекемелерді тізіп, түйіннің көп ұзамай шешілетініне сенім білдірді. Өзінің азаматтық ұстанымын танытты.

- Мен толыққанды ҚР азаматы ретінде шешілмей жатқан түйінді бір қалыпқа салып, әдемілеп шешіп береді деп депутаттарға, еліміздің президентіне, министрлікке жолдаймын. Мен шетелден келетін қандастарымызға бес жылсыз азаматтық бермеу туралы заң қабылдауға қарсы екенімді білдіргім келеді! - деп түйіндеді әнші өз ойын.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер