Алматы көшелерін зомбилер кезіп жүр

2589
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/09/orpa.jpg
Алматы көшелерін зомбилер кезіп жүр. Әлеуметтік желіні шулатқан видеода бір топ жеткіншек зомби кейпіне еніп, қала тұрғындарының мазасын қашырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Видеода түр-әлпетін өзгерткен жастар бейтаныс адамды қаумалап, етек-жеңіне жармасады. Оның сөмкесін ақтарып, жеке заттарын талан-таражыға салмақ болады. Оқиғаны сырттай қызықтап тұрғандар да аз емес. Алайда, адам кейпінен "зомбиге" айналғандар жайлы қандай да бір ақпарат жоқ. Видеоны көрген желі қолданушылары: "Бұның орнына концерттен кейінгі қоқысқа толған қаланы тазалағандары дұрыс еді", "Пусанға қарай поезд 3: Қазақстан" деген сынды пікірлер жазған.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии