Оралда ер адам футбол матчында қайтыс болды

2310
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Оралда ер адам футбол матчында қайтыс болды,  деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы "Мой город". сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 17 қыркүйекте сағат 12:00 шамасында "Ақжайық" стадионында болды.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Денис Нығматуллиннің айтуынша, стадионда 50 жастан асқан ардагерлер арасында республикалық спартакиада өткен. Алаңда Қызылорда және Түркістан облыстарының командалары ойнаған.

"Ойын барысында Қызылорда облысынан келген бір ойыншы ауырып қалды. Ер адам құлап, есінен танып қалды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді, өкінішке қарай, ол қайтыс болды, - деді Денис Нығматуллин.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәліметінше, медициналық жәрдем станциясына қоңырау 11.54-те түскен. Келгеннен кейін дәрігерлер оның қайтыс болғанын анықтаған. Марқұм 59 жаста еді. Өлімнің нақты себебін сот-медициналық сараптама көрсетеді.

”Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер