Мемлекеттік марапаттардан Назарбаевтың аты-жөні алынып тасталмақ

2672
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/09/rrrrrrrrrrrrrrrrrrrrr.jpeg
«Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін мәдениет саласындағы стипендиядан алып тастау туралы жарлық жобасы мемлекет басшысына қол қоюға ұсынылды» деп, хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеме жасап. Жоба негізінде мемлекеттік марапатқа қатысты атақ-дақпырттан «Тұңғыш президент» және «Елбасы» сөздері алынып тасталмақ. Мемлекеттік марапаттан Назарбаевтың аты-жөнін алып тастау туралы ақпарат шілденің басында шыққан еді.
Үкімет қаулысында: «Қазақстан Республикасы президентінің 2000 жылдың 3 сәуіріндегі «Қазақстан Республикасының президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясын құру туралы» №369 жарлығын өзгертуге қатысты жарлық жобасы ҚР президентіне ұсынылсын», - делінген.
Комментарии