Гибридті білім беру және оқыту – бұл біз ұмтылатын болашақ

1093

Қазіргі білім беру эволюциясының негізгі бағыттары оқушылардың әлеуетін дамытуға және нәтижеге бағытталған оқыту болып табыладыБұрынғыдай оқушылар сыныпта ұзақ уақыт отырып, бір ғана мәлімет көзінен білім алу тәсілі қазіргі заманғы талаптарға сай келмейді. Оқушыларға онлайн және дәстүрлі білім беру формаларының элементтері бар жаңа, дербестендірілген және интерактивті оқыту ортасы қажет, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі Baq.kz сайтына сілтеп.

Бүгінде елімізде, гибридті оқу жобасын сәтті іске асырып жатқан Zerdeli ақыл-ой дамыту мектебі, екі жүйені біріктіп жаңа оқу бағдарламасын ұсынуда. Мәселен, гибридті жоба 3 бағытта жүреді: ҰСТАЗ + ZERDELI.APP + КІТАП.

Әрбіріне жеке-жеке тоқталып кетсек.

Ұстаз – білім берудегі инновациялық жүйені қолданады. Ол баламен жеке жұмыс жасай отырып, теориядан гөрі, тәжірибеге көп назар аударады. Арнайы бағдарлама арқасында, ұстаз қысқа уақыт ішінде бірнеше тақырыпты пысықтай алады.

Zerdeli.арр – бірегей авторлық бағдарлама. Бұл кешенді платформада оқушылар видеосабақты көре алады, үй жұмысын жасайды, қажетті материалды іздеп тауып, тақырыпты пысықтайды. Видеосабақтар құрамы білікті ұстаздардың пән курстары, анимациялармен қамтылған қызықты форматтағы бейнелер, қиын тақырыптарды жеңілдедіп түсіндіру технологиялары. Бұл платформада бала өздігінен сабақ оқып, үй жұмысын орындайды.

Оқулықтар – бұл Зерделі орталығының авторлық оқулықтары. Бұл кітаптар әрбір оқушыға тегін беріледі. Осы оқулықтардың негізінде, бала толыққанды білім алады. Өйткені аталмыш кітаптар, бірегей бағдарламада өз орнын ойып алған.

Айтып отырған, гибридті оқу жобасы бірнеше жыл бойы білікті ұстаздар ортасында пысықталды. Сондықтан басы-аяғы жұп-жұмыр бағдарлама болып отыр. Оның көмегімен, оқушы шалғай ауылда отырып, астаналық білім деңгейіне қол жеткізе алады. Сондай-ақ, дәстүрлі мектептердің оқу құны 300 000 теңгеден жығылып артылса, гибридті оқу жобасының құны не бәрі 50 000 теңге болып отыр екен. Бұл еліміздің төрткүл бұрышындағы балалар сапалы білімге қол жеткізетін жоба. Оқушылар бұл бағдарламада оқып қана қоймай, әр ай сайын арнайы білім деңгейін, қабілетін тексеретін тесттен өтіп отырады. Бұл баланың курс бастамас бұрынғы білім деңгейін және курс уақытындағы білім деңгейін салыстырып отыруға көмектеседі.

Жаңа сандық технологияларды қолдануға негізделген әдіс оқушыларды сыныптан тыс уақытта да жұмысқа ынталандыратын шығармашылық, интерактивті оқыту ортасын құруға ықпал етеді. Оқушы тек ұстаздың сұрауымен емес, өздігінен оқуға күш салады.

Ал әзірше, бұл жобаның тұсауы кесіліп, басқан қадамы нық болғанын күтеміз. Өйткені мың құбылған уақытта, баланың білікті білім алуы бәріміздің басты мақсатымыз, дегенмен ата-аналардың балаларына сапалы білім беруіне де біраз қаражат жұмсайтыны белгілі. Осы тұрғыдан, Zerdeli ақыл-ой дамыту мектебінің гибритті оқыту жобасы, бар түйінің күрмеуін шешеміз деп отыр.

Zerdeli ақыл-ой дамыту мектебінің гибритті оқыту жобасы білім берудегі революциялық серпіліс. Оның маңыздылығын республика бойынша оқушылар білім деңгейі үлкен көрсеткішке жеткен кезде көреміз.

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket