Бүгін Шотландияның Глазго қаласында Дэвис кубогының топтық бәсекесі басталып, Қазақстан құрамасы Нидерланды құрамасымен кездеседі.
D тобында аталған екі командадан бөлек АҚШ және Ұлыбритания құрамалары ойнайды.
Қазақстан – Нидерланды матчында алғашқы болып командалардың екінші ракеткалары Михаил Кукушкин (221 АТР) мен Таллон Грикспур (48 АТР) кортқа шығады. Қос теннисші бұрын кездеспеген.
Плей-офф кезеңіне үздік екі команда жолдама алады. Екінші ойында Александр Бублик (44 АТР) пен Ботик ван де Зандсхулп (35 АТР) мықтыны анықтайды. Қос ойыншы алғаш рет кортта жолығады.
Үшінші ойында, жұптық кездесуде ел намысын Андрей Голубев пен Александр Недовесов қорғайды. Қазақстан жұбы Матве Мидделкоп – Уэсли Колхофпен ұпай үшін таласады.
Матч елорда уақытымен сағат 21.00-де басталады.