Саясаттанушы кезектен тыс президент сайлауы қашан өтетінін айтты

6569
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/09/2004101755565702f.jpg
Саясаттанушы Данияр Әшімбаев Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау қашан өтетіне қатысты болжам жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
«Апта өте мазмұнды болмақ: Әлемдік діндер съезі, Қытай төрағасының сапары және Самарқандтағы ШЫҰ саммиті. Қызық, Конституцияны реформалау, сайлауды жариялау осы жерге сыя ма? Науқан 2 айға созылуы керек, ал ең айқын күндер 20, 24 қараша және 4 желтоқсан", - деп жазды ол өзінің телеграм-арнасында.
Естеріңізге сала кетейік, Тоқаев биыл күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізетінін хабарлады. Сондай-ақ ол президент мандатын 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді  ұсынған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы 

Комментарии