Еурокомиссия бүгіннен бастап ресейліктерге виза беру тәртібін қиындатты

3446
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/09/975071_full.jpeg
Еуропалық комиссия бүгіннен бастап ресейліктерге виза беру тәртібін қиындатты, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. Ресейліктер үшін бұл мынаны білдіреді: - визалық алым 35 еуродан 80 еуроға дейін өседі; - өтініштерді қарау мерзімі 15 күнді құрайды (кейбір жағдайларда бұл мерзім максимум 45 күнге дейін ұзартылуы мүмкін); - растайтын құжаттардың тізімі де көбейеді; - виза беру мерзімі 6 айға дейін ұзартылуы мүмкін; - ресейліктер үшін ұзақ мерзімді және көп мәртелік визалар әлдеқайда аз болады немесе мүлдем болмайды; - сапар қанша күнге жоспарланса, сол уақыт аралығына ғана қатаң түрде бір реттік "виза" беріледі.

"Адырна" ұлттық порталы 

Комментарии