Атырауда сәләфилік бағыттағы "Ұлттық қыздар мектебі" ашылды (ВИДЕО)

23976
Adyrna.kz Telegram

Атырауда сәләфи исламистердің бүлдіршін қыздардың құқын таптап, бет-жүзін тұмшалау мақсатында "Ұлттық қыздар мектебі" дейтін сәләфилік бағыттағы жаңа мектеп ашылғаны белгілі болды.

Аталмыш діни мектепке Атырау өңірінің тұрғыны Жолмұханова Жұмазия басшылыққа тағайындалған. Ең сорақысы мектеп директоры Жолмұханова Жұмазияның туған інісі Жолмұханов Қанкерейдің қызы Жұлдыз Қанкерейқызы мен күйеу баласы Мұратбеков Абзал 2015 жылы Сирияға қарулы соғысқа аттанып,2019-жылы екеуі де қаза тапқан.

Ал "ұлтттық қыздар мектебі" деген қазақи терминді бетперде қылған сәләфилік оқу орнының құрылтайшылары кімдер екенін білсеңіздер, төбе шаштарыңыз тік тұрады.

Атап айтқанда бұлар нағыз сәләфилік идеологияны кеңінен насихаттап жүрген Есбосын Асан Балғабайұлы мен түркіменстандық Розыев Мұрат Довлетович дейтін исламистер екен.

Айтпақшы Есбосын Асан Балғабайұлы ҚР Қылмыстық кодексінің 194-шы "Бопсалау" бабымен сотталып, адвокаттық лицензиясынан айырылыпты. Бәріміз білетіндей сәләфилер Қазақстандағы мектептердің зайырлы форматта сабақ берулеріне түбегейлі қарсы.

Себебі олар мектептегі киім үлгісіне бағынбай, арабтардың дәстүрлі киімі хиджабпен сабаққа кіргізулерін қалайды. Ал бұл әрекет Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы және білім беру жүйесі зайырлы қағидаттар негізінде оқытылады.

Сәйкесінше оқушылардың киім үлгісі зайырлы сипатта болуы шарт. Сәләфилердің негізгі мақсаты деструктивті діни идеологияны мектеп қабырғасында еркін жүргізуге мүмкіндік алу. Сонымен қатар,осындай жеке мектептерде сәләфилердің ұл-қыздарынан басқа, мешіт намазхандарының балаларына да жат экстремистік, яғни теріс идеологиямен ықпал ету, яғни қатарларын көбейту қаупі бар және бұндай діни орта әртүрлі жанжалдың тууына кеңінен жол ашады.

Осыған орай, жоғарыда келтірілген фактілерді алға тарта отырып, ҚР Оқу-ағарту министрі А.Айтмағамбетовтен Атырау қаласында орналасқан, атап айтқанда Әділет министрлігінде тіркелген ұлттық емес "сәләфилік қыздар мектебіне" лицензия берілмеуі мен тез арада жабылуына ықпал етуіңізді сұраймын!!!

 Нұргүл МУКУШЕВА,

блогер, қоғам белсендісі

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді. 

 

Пікірлер